Қазақ тіліндегі ұзақтығы әртүрлі аудио/видеоны ~95 пайыз дәлдікпен мәтінге айналдырамыз
Transcribe.kz сайты қазақ тіліндегі аудио мен видеоны мәтінге айналдыратын құнды құралға айналып келеді. Біздің басты мақсатымыз – транскрипция қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Транскрипцияның дәлдігі аудионың сапасына тікелей байланысты. Біздің аудио/видеоны мәтінге айналдыратын алгоритм мінсіз емес, бірақ таза, жақсы жазылған дыбыстан ол 95% дейінгі дәлдікпен мәтін жасай алады. Біз сізге сапалы қызмет көрсету үшін қызметімізді пайдаланған кезде төмендегі нәрселерді ескерген жөн:
Transcribe.kz – жай ғана құрал емес, ол ең алдымен пайдаланушылардың кері байланысының арқасында үнемі жетілдіріліп, дамып отыратын қызмет. Сондықтан бізге сіздің осы қызмет туралы ұсыныс-пікіріңіз өте маңызды.
Transcribe.kz сайтын таңдағаныңыз үшін және біздің өсу тарихымыздың бір бөлшегі болғаныңыз үшін рахмет!
Елдар Құдайбергенов • 31.05.2023 жыл
Достар, transcribe.kz-ке қатысты айтып жатқан жылы лебіздеріңізге, маған аудио жіберіп, қолдау білдіріп жатқандарыңызға көп рахмет! Дәл осындай реакция күтпеген едім, шыны керек. Өте қуаныштымын!
Өздеріңізден жобаға қатысты 15-тен астам сұрақ келіп түсті. Әзірге соның бірнешеуіне жауап беріп өтейін.
Ең басты сұрақ – құпиялық туралы. Бірден айтайын, сайтқа салған аудиоларыңызды сайтымыз аудионы мәтінге айналдыру үшін қолданады, болды. Транскрипция жасалған соң аудио жойылады. Ал дайын мәтін .docx пішімінде бірден поштаға жөнелтіліп, ол да серверден жойылады.
Екінші мәселе – жобаны автоматтандыру. Сайт жұмысы толығымен автоматтандырылғанда былай болады: сіздер сайтта тіркелген соң, сайтта өз баланстарыңыз болады. Соған өзіңіз қалаған сомада ақша салып қойып, сайт қызметін қолдана бересіздер. Бұл кезде сіздер сайтқа аудионы тікелей жүктеп, дайын мәтінді бірден ала аласыздар.
Сайтты дамыту үшін әрі қарай жұмыс істеймін. Менің бағдарламашы ретінде еңбек жолым енді басталып жатыр деп түсініңіздер! Сіздер осы сайтты көбірек қолданған сайын ол одан әрі дами түседі. Бұл менің IT саласына көбірек ден қойып, ары қарай ізденуіме шабыт береді деп сенемін.
Тағы сұрақтарыңыз болса, мархабат! Міндетті түрде жауап беремін.
Елдар Құдайбергенов • 18.05.2023 жыл
Жолдастар, бүгін сіздерге өзімнің жаңа жобамды таныстырғым келіп отыр. Алдымен, сілтемені сақтап алыңыздар: https://transcribe.kz.
Сайтқа кіресіз, қазақ тіліндегі аудиоңызды жүктейсіз, біршама уақыттан соң оның дайын мәтіні қолыңызға тиеді. Бұл жобам жазу-сызуға жақын адамдарға, әсіресе, журналистерге өте пайдалы деп ойлаймын. Себебі, тілшілер қауымының сұхбат мәтінін сағаттап тыңдап отырып қағазға түсіретінін көріп те, естіп те жүрмін. Журналистердің, оның ішінде жұбайымның жұмысын жеңілдету үшін осындай дүние жасап жатырмын! 😃
Бірден айтайын, бұл – әзірге бета-нұсқа. Сол себепті, мәтін аудионы сайтқа жүктеген соң бірнеше сағаттан кейін дайын болады. Аудионың бір минутын 33 теңге деп бағаладым. Мысалы, жарты сағат аудиоңыз 990 теңге болады (сайтта калькулятор бар). Сапалы транскрипт үшін 33 теңге көп емес деп ойлаймын. Айтпақшы, транскрипт сапасы жүктелетін аудионың сапасына тікелей байланысты, осыны ескеріңіздер!
Бұл – менің соңғы жеті ай бойы қатысқан “Front-End. Разработка JavaScript React ES6+” курсынан алған білімімнің жемісі. Жобам қазір MVP (minimum viable product) режимінде жұмыс істеп тұр. Мен енді осы сервисті автоматтандырып, жетілдіру үшін жұмыс істеп жүрген жайым бар. Осы бастамамды қолдап, демеп жіберіңіздер!
Елдар Құдайбергенов • 17.05.2023 жыл